ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қазан 2020 | 16:11
Шымкенттік судья лайк баспаған әріптестеріне ренжіп қалды - БАҚ
Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абинур Қарабаев Facebook желісіндегі парақшасында оған лайк басқысы келмейтін және пікір қалдырғысы келмейтін әріптестеріне арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Elitar.kz.

"Мен әрқашан әріптестерімнің жазбаларын қолдауға тырысамын. Лайк басамын, пікір қалдырамын. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет алқабилер соты туралы бір жазба жарияладым, бірақ жазбада белгілеген әріптестерім мені қолдамады. Енді мен де оларға қолдау көрсетпеймін", - деп жазды судья Қарабаев.
Бұл жазбаның 18 қазанда жарияланғаны айтылады. Алайда БАҚ мәліметінше, судья кейінірек оны желідегі парақшасынан өшіріп тастаған.
Baigenews.kz порталының мәліметінше, судьяның бұл жазбасын желі қолданушылары қолдап жатыр. Судьялар мен адвокаттар осы жазбаны көрген соң Қарабаевтан кешірім сұрап, пікір қалдырып жатыр екен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также