Сиднейде ескерткішке 18 метрлік қызғылт мүшеқап кигізілді

Сиднейде ерекше инсталляция пайда болды - қаланың орталығындағы ескерткішке ашық қызғылт түсті 18 метрлік мүшеқап кигізілді, - деп хабарлайды AFP.

Идеяның авторы - Жаңа Оңтүстік Уэльстің СПИД мәселелері жөніндегі кеңесі (ACON). "Бұл инсталляция көпшіліктің қызығушылығын туғызатыны белгілі, өйткені біз оған қаланың ең көрнекі орындарының біріндегі нысанды таңдадық", - деп мәлімдеді ұйым өкілі Николас Паркхилл. Мүшеқап кигізілген ескерткіш қаланың ең танымал орны - Хайд-паркте орналасқан. 

Паркхиллдің айтуынша, бүкіл әлемнің ғалымдары жасап жатқан дәрі-дәрмек СПИД-ке қарсы күреске көмектесуі мүмкін, бірақ аурудың таралуын тоқтатуда шешуші күш бұрынғысынша мүшеқапта. Инсталляция 12 қарашаға дейін тұрады. Айта кетейік, 1 желтоқсан күні СПИД-ке қарсы күрестің бүкіләлемдік күні аталып өтеді. 

Реклама
Реклама

Бұған дейін Семейде үш метрлік мүшеқап жасалғаны хабарланған еді. Қаланың орталық алаңында "АнтиСПИД" атты флешмоб өтті. Ондаған жас жиналған акция кезінде еріктілер адамдарды "СПИД"-тен - арнайы костюмдегі кейіпкерден қорғады. Үш метрлік мүшеқап оны "ауыздықтауға" қолданылды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама