Стивен Сигал қазақ күресіне қатысты ойын айтты

© astana.gov.kz

Стивен Сигал қазақ күресіне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы ол Астанада өткен І Халықаралық жекпе-жек өнері фестивалінің баспасөз маслихаты барысында мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, журналистер елімізге келген қонаққа түрлі сұрақ қойды. Оның арасында қазақ күресіне қатыстылары да бар. Ол сұраққа Стивен Сигал: "Қазақ күресінен қазақтың ұлттық ерекшелігі байқалады", - деп жауап берді.

Сонымен қатар, ол қазақстандық балалардың спорттағы ынтасына баға берді.

Реклама
Реклама

"Мен спортқа ерте келдім, сондықтан, бала күнімнен бергі еңбегім өз жемісін береді деп ойлаймын. Балаларды жаттықтырған кезде әрқайсысының әлеуетін байқаймын. Шеберлік сағатында балаларыңыздың да болашағы зор екенін көрдім", - деді Стивен Сигал.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама