ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 қараша 2016 15:35
Стивен Сигал Ресей азаматы болды
Америкалық актер әрі прдюсер Стивен Сигал Ресей азаматы болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Мұндай жарлыққа РФ президенті Владимир Путин қол қойды.
"1952 жылдың 10 сәуірінде дүниеге келген Сигал Стивен Фредерикті Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдансын", - делінген жарлықтың мәтінінде.
Айта кетейік, осыған дейін Сигал Оңтүстік-Сахалинге "Край света" кинофестиваліне қонақ болып келген. Сол уақытта ол Ресейді ұнатқанын мәлімдеген. Сахалинде ол бизнес жүргізуге мүмкіндіктің барын атап, болашақта ресейлік азаматтық алуы мүмкін екенін атаған.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу