19 шілде 2019 | 10:15

Сұлулық салонына барған қыздың бетіне бөртпе шыққан

© almaty.tv

Алматы тұрғыны Зере Төрехан сұлулық салонына барғаннан кейін екі апта бойы қатты күйік пен Квинке ісігінен емделген. Қынамен қасын боямақ болған Зеренің беті ісіп, бөртпе шығып кетті, - деп хабарлайды Almaty телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Зере Төрехан сұлулық салонына барғаннан кейін екі апта бойы қатты күйік пен Квинке ісігінен емделген. Қынамен қасын боямақ болған Зеренің беті ісіп, бөртпе шығып кетті, - деп хабарлайды Almaty телеарнасы. 

Қасын боятқаннан кейін келесі күні айнадан ісік пен бөртпені көрген ол бірден салонға барған. Ол жақта ешкім көмектесе алмағандықтан, сұлулық салонының өкілімен бірге ауруханаға баруға тура келген. 

Реклама
Реклама

"Дәрігер қорытындысы - дерматит, Квинке ісігімен келетін аллергиялық реакция. Қасымда әркез салон әкімшілігі болды, сондықтан дәрігермен келісіп алуым мүмкін емес. Салон кешірім де сұрамады. Неден аллергия бар екенімді өзім білуім керегін айтып, мені кінәлады. Ал мен оларға қынамен бірінші рет боятып жатқанымды айтқанмын", - дейді зардап шеккен қыз. 


Зардап шегуші Зере Төрехан

Зере Төрехан қасын қаңтарда боятқан. Содан бері сот дауы болып жатыр. Адвокатының айтуынша, сұлулық салоны кінәсін мойындамаса да, медициналық шығындарды өтеп берген - 18 мың теңге.

"Сотта сұлулық салонының өкілі медициналық тексерістердің бәрін төлегендерін, енді басқа ақша бермейтіндерін айтты. Алайда заң бойынша менің клиентіме бұл жағдайда материалдық және моральдық шығынды өндіріп алуға болады", - дейді адвокат Индира Әлімжанова. 


Зере Төреханның адвокаты Индира Әлімжанова

Ал салон қожайынының адвокаты Анар Құсайынова апелляциялық тыңдауға келмеген. Бірақ ол бұл жағдайда жауапкершілік толығымен клиентте екенін айтады. Оның сөзінше, бұл шағым жалғыз ғана жағдай, мұнда жекелей реакция білдірген. Ол шағым білдірген Төрехан салонға өз еркімен, яғни, нақты бір қызметті пайдалану - қасын бояту үшін өзі келгенін алға тартады. 

Құсайынованың сөзінше, косметологтар клиенттерден аллергия бар-жоғын сұрауға немесе қынаны сынақтан өткізуге міндетті емес, себебі ол медициналық препарат болып саналмайды.


Сұлулық салонының адвокаты Анар Құсайынова

Ал мамандардың айтуынша, органикалық бояу клиенттің өмірін қиюы да мүмкін болған. 25 жылдық өтілі бар дерматокосметолог Сәнім Оспанованың айтуынша, сұлулық салондары аллергиялық сынақтар жасауға міндетті, бірақ онымен ешкім айналыспайды, себебі клиенттер бір сағат күткісі келмейді. 

"Алғашқы жәрдем көрсетілмеген - әрине, ол кезде Квинке есігі, анафилактикалық шок пайда болады, кейін аллергиялық реакция шығады, ол кезде бәрі біз қалағандай болмауы мүмкін. Бұл өте қауіпті жағдай", - деді дерматокосметолог.


Дерматокосметолог Сәнім Оспанова


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная