"Сұрдың елу реңі" фильміне жасалған қазақстандық пародиялар

Видеодан алынған скриншот

Режиссер Сэм Тейлор-Джонсонның "Сұрдың елу реңі" атты әйгілі фильмі шыққалы бері, әлемде оған көптеген пародия жасалып үлгерді. Қазақстандықтар да қалыс қалған жоқ, сөйтіп олар да өз нұсқаларымен таңғалдыруға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы, осыдан бірнеше күн бұрын Желіде Астана медициналық университеті студенттерінің пародиясы пайда болды. Жастар роликті болашақ мамандықтарымен қызықты етіп байланыстырған. Басты рөлдерде - Ержан Қонқаев пен Айнұр Рәпілбекова.

Реклама
Реклама

Астананың тағы бір жастары қарапайым ауылдың өмірі туралы "Ауылдың елу реңі" деген балама пародия түсірді. Түсірілім Астанаға жақын жердегі Қоянды ауылында болды.

Келесі роликті пародия деп атауға келмейді, бірақ видео өте қызықты шыққан. Оны "АстанаKZ" командасында ойнаған бұрынғы КВН ойыншысы Руслан Висингериев түсіріпті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама