Шымкентте бәйшешек гүлдеді

Шымкентте бәйшешек гүлдеді © Otyrar.kz

Шымкентте күннің жылы болуынан бәйшешек пен шегіргүл гүлдеді, - деп хабарлайды "Отырар".

Порталдың мәліметінше, ауа райының 15-18 градусқа дейін жылынуынан қалада жабайы шегіргүлдер қаптап кеткен. Айта кетейік, бұлар әдетте наурыз айында шыға бастайды.

Тұрғындардың ауласында гүлден бөлек ақжелкен де өскен, көбі "қысқы" егінді жинап үлгеріпті.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, синоптиктер 28 қаңтарда Шымкентте ауа райы ноль градусқа дейін суытатынын хабарлады. Ал келесі күні ауа райы минус бес градусқа дейін суытады. Жаңбыр мен қардың жаууы да күтіліп отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама