Таиландта әйел адам баланы смартфон ұстамауға үйретудің жолын тапты

Таиландта әйел адам баланы смартфон ұстамауға үйретудің жолын тапты Видеодан алынған кадр

Таиланд тұрғыны баланы смартфон ұстамауға үйретудің жолын тапты. Балаларының мұны қалай қабылдағанын видеоға түсіріп алды.

"Менің балаларым телефоннан бас алмайтын. Мен экранның бетіндегі суретті өзгертіп қойдым, енді олар ойнауға қорқады", - деп жазылған роликтің астында. Кадрдан әйелдің өз балаларын телефонмен ойнауға үгіттеп отырғанын көруге болады, алайда олар қолдарына да алғыра келмейді. Бір кезде әйел кіші баласын көндіріп, қолына телефонды береді - бала блокты ашпақшы болады, бірақ, қорқынышты суретті көріп, жылай бастайды.

Жарнама
Жарнама

Желі қолданушыларының кейбірі бұл әдісті тамаша деп есептесе, енді біреулері мұны тым қатыгездік деп ойлайтындарын жазды.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама