1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Талдықорғанда той кортежінің қатысушылары жолдың қарсы бағытында арлы берлі жүрген

видеодан үзінді видеодан үзінді

Талдықорғанда той кортежіне қатысушы автокөліктерді видеоға түсіп қалған. Олар жолдың қарсы бағытымен ирелеңдеп жүрген, - деп жазады Motor.kz.


Видео motor.kz/Дарын Базылбеков

Бұл маневрларды куәгер түсіріп алған. Бірнеше ВАЗ-2114, Mercedes-Benz Gelandewagen және Cadillac Escalade маркалы көліктері орталықтағы Жансүгіров көшесінің бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Автомобильдер бір жолақтан екінші жолаққа ауысып, басқа көліктердің жолын жапқан. Бір мезетте ВАЗ-2114 маркалы екі бірдей көлік жолдың қарсы бағытына шығып, ирелеңдеп жүре бастайды, ал негізгі колонна өз жолымен жүріп келеді.