Талдықорғандық әскерилердің әні Қазнет қолданушыларын тәнті етті

Видеодан алынған кадр

Facebook ?леуметтік желісінде келісімшартта?ы ?скери ?ызметкерлерді? ?аза?станды? "Б?йтерек" тобыны? "Сен" ?нін орындап жат?аны т?сірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісінде келісімшарттағы әскери қызметкерлердің қазақстандық "Бәйтерек" тобының "Сен" әнін орындап жатқаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы әскерилердің Алматы облысында қызмет етіп жатқаны белгілі. Әнді сержанттар Андрей Сильченко мен Тимур Кожахметов орындаған.

Олардың өзі мұның видеоға түсіріліп, Желіде таралып кеткенін білмеген екен. Сондай-ақ, екеуінің де музыкалық білімі бар екені және әскери оркестрде өнер көрсететіні анықталды.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік желілерде отырмаймын, бірақ өзімді видеодан көргім келеді", - дейді Андрей Сильченко.

Оның айтуынша, олар бұл әнді қызметтен тыс уақытта орындаған.

"Өзім Талдықорғанда тұрамын, сонда қызмет етемін. Талдықорғандағы Жетісу мемлекеттік университетінде оқыдым. Бұрын пианинода ойнайтынмын. Қасымдағы қызметтесім осы әннің сөздерін білетін, содан әндете бастадық. Жігіттердің біреуі видеоға түсірді. Ойымызға келген әнді орындадық", - дейді Тимур Кожахметов.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама