18 наурыз 2017 | 15:15

Таразда үшем дүниеге келді

Үшем босанған Аида ата-әжесімен. Суреттер облыстық денсаулық сақтау басқармасынан

Тараз тұрғыны бірден үш баланың анасы атанды, - деп хабарлайды KazINFO Today ақпарат агенттігі. Әскери қызметкер Мақсат Иманбеков пен 27 жастағы жары Аида Жебегенованың жанұясында осындай қуанышты жағдай болып отыр. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тараз тұрғыны бірден үш баланың анасы атанды, - деп хабарлайды KazINFO Today ақпарат агенттігі. Әскери қызметкер Мақсат Иманбеков пен 27 жастағы жары Аида Жебегенованың жанұясында осындай қуанышты жағдай болып отыр. 

Жаңа туған үшем олардың отбасындағы бірінші балалары, сонымен қатар, өңірде биыл бірінші рет үшем туған. Балалар мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан, (жүктіліктің 30-шы аптасында) олардың салмағы 1400, 1490 және 1495 грамм. Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері тәуекелге барудан бас тартып, әйелге іштен жарып баланы алу әдісімен босандырған, жалпы барлық шара сәтті жасалған.

Реклама
Реклама

Жаңа туылған балаларға Дархан, Шерхан және Ерхан деген есімдер берілген. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, салмақ қосып, анасымен бірге ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. 

Көпбалалы ананы Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет арнайы құттықтауға келіпті. Ол осы жанұяға сыйлықтар беріп, ізгі тілектерін айтты. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная