ПОДЕЛИТЬСЯ
20 маусым 2019 | 17:02
Тарих сақшылары
Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивте бір жарым миллион құжат сақталған. Оларды қарап отырып, өткен шаққа барып қайтқандай боласың. Қоймалардағы қағаздың иісі, қолжазбалар, ескі суреттер ерекше әсер береді. Massaget.kz порталы осы мекемеде жұмыс істейтін мамандармен сөйлесіп, архивтің ішкі өмірімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Архив құжаттарын жариялау және пайдалану бөлімінің басшысы Бақдәулет Омаровтың айтуынша, архивте жұмыс істеу оңай емес.
"Осында диссертациямның жетекшісі болды. Сол кісі мені осындағы құжаттармен таныстырып шықты. Сол құжаттармен диссертациялық тақырыпты бекітіп берді. Оны жазып шығу үшін құжаттарды ғылыми айналымға енгізу керек болды. Содан, амал жоқ, архивке келдім. Бірақ бұл сала мен ойлағаннан басқа болып шықты. Адамдар архив шаң басып жатқан мекеме деп ойлайды. Негізі олай емес. (...)", - дейді Бақдаулет Омаров.
Осылайша архив қызметкерлері оларға тарихи құжатпен жұмыс істеу ұнайтынын айтады.
Осы ретте Massaget.kz порталыархивистер туралы қысқаметражды деректі фильмді ұсынады.
Показать комментарии
Читайте также