ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 03 қараша 2016 21:38
Теміртауда бір топ оқушы "ұрып-соққан" ер адам болған жайтты баяндап берді
Қарашаның 3 күні Instagram парақшасында бір топ мектеп оқушыларының егде жастағы ер адаммен алысып жүрген бейне ролик тарап кеткен болатын. Роликті жүктеген адамдар мектеп балаларының ақыл есі кем адамды соққыға жыққанын айтады.
Дегенмен, болған жайт туралы роликте бой көрсеткен егде адамның өзі - Александр Огнев оқиғаның шын мәнінде олай болмағанын. Оның мектепке келіп балалармен осылай ойнағанын айтады.
"Мен өзім ол балалармен ойнағанмын. Барлығы да менің ауламда тұрады. Сабақтарына шығарып салам, күтіп алам күнде. Жаңағыдай күнде ойнаймыз. Балаларды ол үшін жазғырудың қажеті жоқ. Олардың барлығы менің достарым", - дейді ролик кейіпкері.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу