ПОДЕЛИТЬСЯ
24 мамыр 2019 | 15:49
TengriFM әуе толқынына "Наше все" радиошоуы қайта шығады
Араға екі жыл салып TengriFM әуе толқынына "Наше все" радиошоуы қайта шығатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Араға екі жыл салып TengriFM әуе толқынына "Наше все" радиошоуы қайта шығатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұрын үш сағатқа созылған хабар енді бір сағат жүреді. Алайда 60 минут ішінде әр түрлі қонақтар келеді, әлеуметтік жобалар мен туризмге қатысты сан алуан айдарлар шығады. Бастапқы хабарда шығармашыл тақырыптар қозғалатын. Премьералар, мәдени-спорттық шаралар және музыка әлеміндегі оқиғалар туралы әңгіме дүкені жүретін.
Енді форматы өзгерді. Демократиялы хабарға ел естімеген қонақтар келіп өздерінің бірегей жобалары туралы айтады. Әлемге, қоғамға өз үлесімді қоссам дейтін тұлғалармен тартымды сұхбат жүреді. Бағдарлама тарихында тұңғшы рет қонаққа балалар шақырылады. Халықаралық олимпияда жеңімпаздары, түрлі байқау лауреаттары, әнші, биші, күйші балалар келіп өз ойын білдіреді. Бірақ хабарда ескі дәстүр сақталады. Бағдарлама барысында музыкалық топтар әнді жанды дауыста студияда орындайды.
Хабардың алғашқы бөлімі бүгін кешке сағат 17:00-де шығады. TengriFM тыңдармандарын негізгі жаңалықтармен журналист Ирина Лелявская таныстырады.
Cондай-ақ, бүгін сізде 10 жастағы Вероника Каткаевамен танысасыздар. Ол жасына қарамай көптеген байқауға қатысып, өзінің актерлік шеберлігін танытып үлгерді. Бұдан бөлек, студияда KaravanSarai тобы жанды дауыста ән орындайды. Бұл топ ертең басталатын The Spirit of Tengri этнофестивалінде өнер көрсетеді.
Alash Media Group-тың "Наше все" ауқымды әлеуметтік жобасы ERG компаниясының қолдауымен шығып отыр.
Показать комментарии
Читайте также