29 мамыр 2017 | 11:44

Төреғали Төреәлі сал ауруына шалдыққан қыздың арманын орындады

© facebook.com/ibragim88

Әнші Төреғали Төреәлі сал ауруына шалдыққан қыздың арманын орындады. Бұл туралы Facebook желісінде Batyr Bloger нигіндегі қолданушы жазды. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Төреғали Төреәлі сал ауруына шалдыққан қыздың арманын орындады. Бұл туралы Facebook желісінде Batyr Bloger нигіндегі қолданушы жазды. 

Оның айтуынша, қыз әншімен кездесіп, селфи түскісі келген екен. 

Реклама
Реклама

"Суреттегі кішкентай қыздың есімі Ақбаян. Өзі ән айтқанды жақсы көреді. Дауысы да тартымды. Ал Төреғали ағасының әндерін одан да қатты жақсы көреді. Бірақ алты жасар балапан балалар церебральді сал дертімен ауырады. Жуырда Зекет Қоры Астана Өкілдігі он мұқтаж адамға мүгедек арбасын сыйға тартқан еді. Тізімде кішкентай Ақбаян да бар болатын. Сол сыйды табыстап жатқанда ақ жарқын, жатты жатырқамайтын, пейілі кең қыздың арманы - əнші ағасы Төреғали Төреәлімен кездесу екендігін білдік. Сөйтіп балапанның арманы орындалсын деп Төреғалиге xабарластық. Кішкентай балапанның үлкен арманың айтқанымызда Төреғали бірден келісті. Осылайша, Қасиетті Рамазан айында Ақбаянның арманы орындалып, әнші ағасының бетінен сүйіп, селфи жасап, қуанып қалды", - деп жазды қолданушы. 

Сонымен қатар, Ақбаянға ортопедиялық аяқ-киім керек екен. Блогер қыздың жағдайына бей-жай қарамаған Желі қолданушыларын көмек қолын созуға шақырды. 


Суреттер: © facebook.com/ibragim88


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная