02 ақпан 2019 09:30

Цукерберг бір тәулікте 6,2 миллиард долларға байыды

Камила Долаева Журналист
© РИА Новости

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг бір күнде 6,2 миллиард долларға байи түсті. Оқиға компания 2018 жылға есеп бергеннен кейін болда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құжатта компанияның табысы 39 пайызға (22,1 миллиард долларға дейін), ал жиынтық түсім көлемі 37 пайызға, 55,8 миллиард долларға дейін өскені жазылған.

Реклама
Реклама

Осы деректер жарияланғаннан кейін корпорация акциясы бір күнде 11 пайызға көтерілген, бұл 2016 жылдан бергі "Фейсбук" құнды қағаздарының ең ірі шарықтауы.

Басылымдағы ақпарат бойынша, былтырғы компанияға қатысты дау-дамайларға қарамастан, оның табысы өсуде.

Соның арқасында 34 жастағы Марк Цукерберг Bloomberg Billionaires Index рейтингі бойынша әлемнің ең бай адамдарының ішінде бесінші орынға көтерілді. Қазіргі уақытта бизнесменнің әл-ауқаты 65,6 миллиард долларға бағаланып отыр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram