Үлкен Алматы көлінде сырғанаған қыз енді Қайыңдыда видео түсірді

Дина Муратова Редактор
© видеодан алынған кадр

Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанауымен танымал болған Ксения Панкратова енді Қайыңды көлінде видео түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанауымен танымал болған Ксения Панкратова енді Қайыңды көлінде видео түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнежазбада Ксения мұз болып қалған көлдің үстінде конькимен сырғанаған. Оған қоса, ол мұздың шытынап жатқан даусы рас екенін айтты.

"Қайыңды көлінің әсемдігі таңғаларлық. Суық. Аяқ астында шытынап жатқан мұз. Үлкен күш-қуат сезіп тұрмын... Денем тітіркеніп жатыр", - деп жазды Ксения Панкратова. 

Реклама
Реклама

2018 жылы желіде Ксения Панкратованың мұз болып қатып қалған Үлкен Алматы көлінде конькимен сырғанап жүрген бейнежазбасы таралған. Бұл видео желі қолданушылардың арасында пікірталас тудырды. Көп адамдар оның көлде сырғанауға қалай рұқсат алғанын білмей, таңданған. Себебі ол жерден қалаға баратын ішетін су ағады. Кейін Ксения өзінің жасаған іс-әрекеті үшін өкінетінін айтқан.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама