ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 17 ақпан 2014, 09:05
Улы жылан бағдарлама жүргізушіні шағып өлтірді
"Американың Кентукки штатында National Geographic телебағдарламасында улы жыландармен жұмыс істейтін тележүргізуші соның бірі шағып алуы салдарынан қайтыс болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасапОқиға Миддлсборо қаласындағы шіркеулердің бірінде орын алды. Snake Salvation телебағдарламасына улы жыландарман бірге түсіп жатқан шіркеу қызметшісі Джейми Кутс соның бірінің құрбанына айналды. Дәрігерлер мен полиция қызметкерлері Джейми Кутсті үйінен тапқан, алайда ол ауруханаға барудан бас тартқан. Бір сағаттардан кейін қайта келген дәрігерлер жәбірленушінің қайтыс болғанын анықтайды.Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Кутс Full Gospel Tabernacle in Jesus Name шіркеуінде елуліктің ізбасары және шіркеу қызметкері болған. Ол өзінің серіктесі Эндрю Хэмблинмен бірге Snake Salvation бағдарламасында өздерінің діни нанымдарына орай улы жыландардың көмегімен құдайға құлшылық ету рәсімін өткізген. Кутс пен Хэмблиннің нанымы бойынша, егер адам Аллаға сенсе, онда улы жыланның шаққанынан өлмеуі тиіс.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии