Үндістанда мысық қожайындарын әбжыланнан қорғап қалды

Дина Муратова Редактор

Үндістанның оңтүстігінде мысық қожайындарын тұрғын үйге кіріп кеткен әбжыланнан қорғаған. Бұл оқиға видеоға түсіп, YouTube-те жарияланған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Үндістанның оңтүстігінде мысық қожайындарын тұрғын үйге кіріп кеткен әбжыланнан қорғаған. Бұл оқиға видеоға түсіп, YouTube-те жарияланған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Видеоның кадрларында мысықтың үйдің ішінде жүріп, кобраны байқағаны, кейін екеуінің арасында текетірес пайда болғаны көрінеді. Үй жануары өзінің жылдам реакциясының арқасында жыланнан жақсы қорғанған. Соңында мысық жыланды ұстап, оны далаға шығарады. 

Роликтің сипаттамасында үй қожайыны Арун Чандру текетірестің куәгері болып, жылан ұстағыштарды шақыртқан. Оның сөзінше, екі жануар арасында текетірес кезінде үйде балалар болған, жылан оларды шағып алуы мүмкін еді.

Реклама
Реклама

"Мен мысығымның әрдайым ақылды екенін білгенмін, ал енді бұл оқиғадан кейін оның қайратты екенін түсіндім", - дейді Арун Чандру.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама