26 сәуір 2022 | 10:27

Ұрпақ есінде мәңгі қалады. "Жеңімпаздар" жобасы ардагерлер туралы 3500 оқиға жинады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Есть имена и есть такие даты,-
Они нетленной сущности полны.
Мы в буднях перед ними виноваты,-
Не замолить по праздникам вины.
И славословья музыкою громкой
Не заглушить их памяти святой.
И в наших будут жить они потомках,
Что, может, нас оставят за чертой.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Есть имена и есть такие даты,-
Они нетленной сущности полны.
Мы в буднях перед ними виноваты,-
Не замолить по праздникам вины.
И славословья музыкою громкой
Не заглушить их памяти святой.
И в наших будут жить они потомках,
Что, может, нас оставят за чертой.

Александр Твардовский

Уақыт ешкімді аямайды. Амал не, бүгінгі ұрпақ Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды көре алмады. Батырлар 77 жылдан кейін тарихты еске алып, оны сақтап, келесі ұрпаққа жеткізетін туыстары мен жақындарының естеліктерінде қалды. Tengrinews.kz жеңімпаздарға бейбіт күнге жетудегі қиындық ұрпақ есінде қалуы үшін Ұлы Отан соғысы батырларының картотекасын толықтыруды жалғастырады.

Реклама
Реклама

"Жеңімпаздар" - 2014 жылдан бастап ардагерлер мен тыл еңбеккерлері туралы 3500 оқиға жарияланған жоба атауы. Қазақстан мен басқа да елдердің оқырмандары жарты ғасырдан аса уақыт бұрын майданға аттанған аталары, әжелері, достары туралы ақпарат жібереді. Кейбіреулер ата-бабаларын тауып, суреттер, әңгімелер мен хаттарды сақтап қалды. Ал енді біреулер туыстары туралы ақпарат іздеуді жалғастырып жатыр.

"Жеңімпаздар тарихы". Соғыс туралы естеліктер

Әрбір оқырманымыз сұрапыл соғыс пен еңбек майданының қиындығын көрген туыстары мен жақындарын еске алып, олардың ерліктері туралы бүкіл елге айта алады.

Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы "Жеңімпаздар" жобасының арқасында қалай әкесінің тағдыры туралы білді?

Ол үшін ардагердің аты-жөні, өмір сүрген жылдары, әскери қызметі немесе тылдағы еңбегі туралы ақпаратты көрсетіп, сайттағы анкетаны толтыру керек. Сондай-ақ, оның суретін тіркеу қажет. Оқиғаларды + 7-700-09-05-1945 WhatsApp-нөміріне де жіберуге болады.

"Жеңімпаздар" жобасындағы ардагердің тарихы туыстарына бір-бірін табуға көмектесті

Ардагерлердің ұрпақтарға арналған 30-ға таяу видеоүндеуі жазылды. Кейбір ардагерлер әлі де арамызда. Кейіпкерлер өз үндеулерінде ешқашан соғыс болмауын, адамдар сау, адал және еңбекқор болуын тіледі.

"Мені ұмытпаңыздар". Бұрынғы сарбаз алматылыққа қалай көмектесті?

"Жеңімпаздар" жобасын ҚР Қорғаныс министрлігі "интернет-басылымдағы үздік жарияланым" номинациясы бойынша үздік деп таныды.

Соғыста жеңіске жеткен қарапайым сарбаз...

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная