Үш ағайынды 40 жыл бойы бірдей сандармен лотерея ойнап, джекпот ұтып алды

Фото: iz.ru

Аустралияда 40 жастағы үш ағайынды бірдей сандармен лотерея ойнап, 511 мың аустралиялық доллар (156 миллион 506 мың 364 теңге) көлемінде джекпот ұтып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Виктория штаты Ричмонд қаласында тұратын ағайындылардың бірі апта сайын лотереяға ойнайтынын айтады. Ол отбасымен бірге 26 қыркүйекте өткен лотереяда алғашқы он жүлденің бірін ұтып алыпты.

"Неліктен дәл осы сандарды таңдағанымыз есімізде жоқ. Бұл осыдан 40 жыл бұрын болған оқиға еді. Әрқайсымыз сандарды жазып, ойынға билетті таңдайтынбыз. Содан бері лотереяға үнемі қатысып келеміз", - дейді ол.

Реклама
Реклама

Аустралиялық тұрғын ағаларымен бірге жеңімпаз болғанын екі рет тексергенін айтады. Оған 10 минут жұмсапты. 

"Мұны басқаларға айтпас бұрын оның шындық екеніне көз жеткізгім келді", - деп түсіндірді ол.

Үш ағайында 511 мың аустралиялық доллар (156 миллион 506 мың 364 теңге) ұтып алған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама