ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2020 | 10:52
Вайнер Жека Fatbelly әкесі мен бауыры туралы ашық сұхбат берді
Жека Fatbelly есімімен танымал қазақстандық вайнер Жеңіс Омаров әкесі мен бауыры туралы сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жека Fatbelly есімімен танымал қазақстандық вайнер Жеңіс Омаров әкесі мен бауыры туралы сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
"Мен әкем, анам, бауырым бар мінсіз, бақытты отбасында дүниеге келдім. Алты жасқа дейін осындай отбасында тәрбиелендім. Алты жасымда әкем менің көз алдымда түрмеге қамалды", - дейді Жеңіс.
Ал 13 жасқа келгенде вайнер бауырынан айырылғанын айтады. Оның айтуынша, бауыры қатты ауырған, ауруы үш жылға дейін созылған. Психикалық ауруы болды. Бұл үш жыл маған өте ауыр болды дейді вайнер.
Біраз уақыттың соң Жеңістің әкесі бостандыққа шыққан, бірақ кейін ол әкесінің есірткіге тәуелді екенін білген. Осылайша вайнер 17 жасында әкесінен айырылған.
"Мен осы сынақтан өтуім керек болған. Енді мен қиындықтарды қалай өткеру керегі туралы бөлісе алатынымды түсінемін. Өз басымнан сондай жағдай өтті.
Бірақ бұл сынақ мені одан да күшейте түсті. Мен ағамның немесе әкемнің жолымен жүрмеуім керек, мен өзім дұрыс тұжырым жасай алуым керек", - деді вайнер сұхбатында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Zheka Fatbelly (@zheka_fatbelly) 23 Сен 2020 в 6:02 PDT
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также