Вайнерлер Левиттің қалай "жеңілгенін" көрсетіп берді

Вайнерлер Левиттің қалай "жеңілгенін" көрсетіп берді

Вайнерлер Рио Олимпиадасындағы қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегін әзілмен көрсетіп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әзілге толы роликте қазақстандық танымал вайнер Серғазы Тоқтарбек (sekavines) Василий Левиттің ролінде ойнайды, ал оның қарсыласы ресейлік боксшы Евгений Тищенконы сомдаған сияқты. Видеода қазақстандық жалғыз "боксшыға" қарсыласы ғана емес, дәрігерлер, секунданттар, тіпті төрешілер де жабыла кетіп, соңында төреші қызыл формадағы адамның қолын көтереді. Ал қазақстандық боксшы Василий Левиттің мәнерінде сұқ саусағын ұртына апарып, шартты түрдегі көрермендерді сабырға шақырады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, ақтық кездесуде төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитті 3-0 есебімен жеңді деп тапқан еді. Кейін бұл жекпе-жек турасында халықаралық дау туындап, бокс әлемінің мамандары шешімнің әділ болмағанын мәлімдеп жатты.

Ал кейін Халықаралық әуесқой бокс федерациясы осы жекпе-жекте төрелік еткен төрешілерді Олимпиаданың соңына дейін шеттеткен болатын.  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама