Жабайы аралар британдықтардың өмірін сұмдыққа айналдыруда

©heart.co.uk

Ауа райының күрт жылып кетуінен пайда болған жабайы аралар шоғыры Ұлыбритания тұрғындарының мазасын алуда, - деп хабарлайды Daily Mirror.

Сассекс графтығындағы бастауыш мектеп әкімшілігі аралардың кесірінен сабақ өткізуді уақытша доғарып отыр. Себебі, мектеп ауласының аспанын қауіпті жәндіктер торлап алған.

Реклама
Реклама

Лондонда аралар бірнеше сағат ішінде Top Shop дүкеніне келушілерге кедергі келтірген. Тіпті, адамдар соңында дүкеннің жасырын есігі арқылы шығуға мәжбүр болған. Себебі, дүкен сөрелері мен ашық алаңды аралар басып қалған.

Хэмпширде 20 мың баларасы Nissan Micra көлігінің астына ұясын салып тастаған. "Аралар қатты шулайды. Бірақ мен олардан мүлдем қорықпаймын. Дегенмен, балалардың өміріне қауіп төндіреді деген қорқынышпен қауіпсіздік қызметін шақырттым" - дейді 21 жасар көлік иесі.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама