Жантүршігерлік видео: Арыстан жұрттың алдында баптаушыны талап тастады

?ткен жексенбіде Францияны? солт?стігіндегі Дуллан коммунасында цирк ?ойылымы кезінде жант?ршігерлік о?и?а болды. Арыстан арасында балалар отыр?ан к?рермендерді? к?зінше баптаушысын талап тастады.

Өткен жексенбіде Францияның солтүстігіндегі Дуллан коммунасында цирк қойылымы кезінде жантүршігерлік оқиға болды. Арыстан арасында балалар отырған көрермендердің көзінше баптаушысын талап тастады.

Отырған жұрт айғайлап, орындарынан тұрып кеткен. Facebook желісінде жарияланған видеода жыртқыштың адамды мойнынан тістеп, жерге алып ұрғанын көруге болады. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы газды торға жібергеннен кейін ғана жыртқышты тоқтату мүмкін болған.

Реклама
Реклама

Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Цирк өкілі зардап шеккен адамның көп жылдар бойы арыстандармен жұмыс істеп келгенін айтып отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама