Желіде Батырхан Шүкеновтің өлең оқып отырған видеосы пайда болды

Батырхан Шүкенов. © rusradio.ru

Желіде Батырхан Ш?кеновты? ?айсын К?лиевті? "Уходит наше поколение" ?ле?ін о?ып отыр?ан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Батырхан Шүкеновтың Қайсын Күлиевтің "Уходит наше поколение" өлеңін оқып отырған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батырхан Шүкенов "Уходит наше поколение" өлеңін 2014 жылы 6 мамырда оқыған.

Реклама
Реклама

"Батыр поэзияны жақсы көретін. Көп өлең оқитын. Осы өлең оған қатты ұнады. Ол өз студиясына жаңа микрофон алған, соны сынақтан өткізейін деп, осы өлеңді оқыды. Тестілеу осындай болды, ол ән айтқан жоқ, өлең оқыды", - деді "Батырхан Шүкенов атындағы қор" Қоғамдық қорының директоры әрі әншінің досы Олжас Байқанов. 

Байқановтың айтуынша, Батырхан Шүкенов өз достарын көп еске алатын. 

"Көп мұңға бататын. Мұрат Насыровты еске алатын. Осындай сағынышқа толы сәттер болып тұратын", - деді Байқанов. 

Сонымен қатар, Байқанов Қордың ел тыңдамаған материалдары барын, бірақ әзірше оларды жинақ етіп шығаруға қаражат жеткіліксіз екенін айтты. "Бізде әлі ешкім естімеген материалдар бар. Біз шығара алмай отырған біраз жақсы әндер бар. Бізге осы әндерді шығару үшін әншінің тыңдармандарының көмегі керек. Альбом шығару - қымбат шара. Батыр біраз ән орындаған, бірақ авторларына қаражат бермеген. Мен кейбір авторлармен келіссөзер жүргіздім, олар қарсы емес. Шамамен 100 мың доллардай қаражат керек", - деді Байқанов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама