Желіде қазақтың керемет тойлары туралы ролик пайда болды

© Tengrinews.kz

Желіде ?аза? тойларыны? ерекшеліктеріне арнал?ан видеоролик пайда болды. Ролик "КТК" арнасыны? командасы ж?не ?аза?стан Республикасыны? Т???ыш президенті - Елбасы ?орымен т?сірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны "КТК" арнасыны? б?рын?ы директоры Арман Шураев ?зіні? Facebook-тегі пара?шасына орналастыр?ан.

Желіде қазақ тойларының ерекшеліктеріне арналған видеоролик пайда болды. Ролик "КТК" арнасының командасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті - Елбасы қорымен түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны "КТК" арнасының бұрынғы директоры Арман Шураев өзінің Facebook-тегі парақшасына орналастырған.

Видео әрбір қазақстандыққа таныс той алды әуре-сарсаң мен той үстіндегі түрлі жайттар туралы. Видеоны түсіруге отандық эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Роза Рымбаева, Дос Мұқасан және Ninety One тобы, сондай-ақ, саясаткер Ғани Қасымов және актриса Әсел Садуақасова түсті. Жобаның режиссері мұның алдында әнші Ғалымжан Молданазардың "Өзің ғана" клипін түсірген Мәлік Зеңгір болды.

Реклама
Реклама

"Менің ақылдыларым Элмира мен Дәурен (КТК-ның үздіктері) кішігірім шедевр жасады. Барлығына көруді ұсынамын, әсіресе кімнің көңіл-күйі нашар! Расында да көмектеседі!" - деп жазыпты Арман Шураев.

Мұның алдында Желіде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған видеоролик жарияланған болатын. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама