Жол бойында иесіз қалған ит танымалдыққа ие болды

Жол бойында иесіз қалған ит танымалдыққа ие болды © twitter.com/RachRSPCA

Жолдың бойында иесіз жүрген Стаффорд бультерьері әлемге танымал болды. Ұлыбританияда түсірілген бейнежазба желі қолданушыларын таңғалдырды, оның ішінде жүзден астамы итті асырап алуға ниет білдірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ридус" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылдың желтоқсан айының ортасында Сток-он-Трент қаласында болған. Жол бойында орналасқан бейнежазбадан иттің қожайыны оны көліктен шығарып тастап, ары қарай өз жолымен кетіп бара жатқаны көрініп тұр. Ал ит айналадағы болып жатқан жағдайға қарамастан, көлікке қайта кірмекші болып талпыныс жасайды. Осы жайт әлемдегі миллиондаған адамның итке деген аяушылығын оятты.

Жануарларды қорғау ұйымының қызметкерлері қаңғып қалған итті ұстап, оған Снуп деген ат қойды.

Реклама
Реклама

Енді Ұлыбританияда Снупты өз қолыма алам деушілердің саны артып жатыр. Олардың қатарында рэпер Снуп Дог та бар.

Қазіргі уақытта ит өз иесін тапқан жоқ. Қызметкерлер бультерьер медициналық тексерулер өткізіп жатыр, одан кейін оған жаңа қожайын іздестіріледі екен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама