Жолбарыс пен аюдың айқасы түсірілген видео жарияланды

Жолбарыс пен аюдың айқасы түсірілген видео жарияланды

?ндістанны? Махараштра штатында?ы Тадоба ?лтты? паркінде жабайы таби?атты? ерекше бір с?тін т?сіру м?мкіндігі пайда болды. ?оры??а келушілер бенгалиялы? жолбарыс пен салпыерін аюды? ай?ас?ан с?тін видео?а т?сіріп алды. 

Үндістанның Махараштра штатындағы Тадоба ұлттық паркінде жабайы табиғаттың ерекше бір сәтін түсіру мүмкіндігі пайда болды. Қорыққа келушілер бенгалиялық жолбарыс пен салпыерін аюдың айқасқан сәтін видеоға түсіріп алды. 

Куәгерлердің айтуынша, жолбарыс өз аумағындағы су ішуге келген баласымен жүрген аюға тап берген. Ала жыртқыш аюды жерге құлатып, тамағынан тістемекші болған. Алайда аюдың терісі қалың болып, жолбарыстың тісі батпаған. 

Ұзақ уақыт бойы арпалысқаннан кейін аю сытылып шықты. Өз баласын қорғап қана қоймай, ол шабуылдауға көшті. Видеоның соңында жолбарыстың артқа шегінгенін көруге болады. 

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама