"Жұлдыз FM" радиосы жақсылыққа шақыратын xалықаралық деңгейдегі флешмоб бастады

"Жұлдыз FM" радиосы ERG компаниясының қолдауымен "БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ" атты xалықаралық деңгейдегі жақсылыққа шақыратын флешмобын қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұлдыз FM" радиосы ERG компаниясының қолдауымен "БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ" атты xалықаралық деңгейдегі жақсылыққа шақыратын флешмобын қолға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Флешмобқа қатысу үшін өмірде болып жатқан кез келген жағымды жаңалықтарды желілерде бөлісіп отыру керек Мәселен, баланың дүниеге келуі, үйдің салынуы, жаңа көлік сатып алу, сүйікті актеріңіздің ойнауымен шыққан жаңа фильм не болмаса жақын адамыңызбен кездесудің өзі жобаның негізгі арқауы.

"Тек жақсылыққа, игі істерге шақыратын жобаның қатысушысы болыңыздар! Өздеріңіздің xаттарыңызды Вконтактедегі "Жұлдыз FM" ресми топ парақшасына немесе Instagram желісіндегі ресми парақшасына жолдай аласыздар", - дейді ұйымдастырушылар. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар тікелей эфир нөміріне де xабарласып, өз оқиғаларыңызды бөлісе аласыздар. Тікелей эфир нөмірі: 8 (727) 3 888-101

Айта кетейік, арнайы жоба ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама