ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 қаңтар 2017 14:43
"Звонок" фильміндегі қыз Нью-Йоркте дүкенге келушілердің зәресін алды
Paramount Pictures компаниясы "?о?ырау" ("Звонок") фильмі приквелыны? к?рсетіліміне бір апта ?ал?анда Нью-Йорктегі т?рмыс техникасы д?кеніне келушілерді ?ор?ытты. Белгілі ?рейлі фильмні? кейіпкері болып киінген актриса теледидар ішінен шы?ады. Осы с?ттегі келушілерді? ?ор?ынышы видео?а т?сірілген, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Paramount Pictures компаниясы "Қоңырау" ("Звонок") фильмі приквелының көрсетіліміне бір апта қалғанда Нью-Йорктегі тұрмыс техникасы дүкеніне келушілерді қорқытты. Белгілі үрейлі фильмнің кейіпкері болып киінген актриса теледидар ішінен шығады. Осы сәттегі келушілердің қорқынышы видеоға түсірілген, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Хавьер Гутьеррестің "Қоңыраулар" ("Звонки") фильмі 2017 жылдың 1 ақпанында көрсетілімге шығады. Бұл бөлікте адамдар өліп кететін сыйқырлы таспаның қайдан пайда болғаны баяндалады.
"Қоңыраулар" ("Звонки") 2002-2005 жылы шыққан диологияның приквелы. Алғашқы картина режиссері Гор Вербински, екіншісіне Хидэо Наката режиссерлік еткен. Қос фильмде де басты рөлде Наоми Уоттс ойнаған.
Өз кезегінде диалогия 1992 және 1999 жылы жарыққа шыққан жапон триллерінің жалғасы ретінде түсірілген.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу