28 қазан 2016 | 00:09

18 жастағы Елназ Нұрсейітова "Астана аруы-2016" атанды

© Тұрар Қазанғапов

18 жастағы Елназ Нұрсейітова "Астана аруы-2016" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

18 жастағы Елназ Нұрсейітова "Астана аруы-2016" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада "Астана аруы-2016" ұлттық конкурсының финалы өтті. Конкурсқа 17-23 жас аралығындағы 20 қыз қатысты. 

Реклама
Реклама

Бірінші вице-ару Бегайым Жорабекова болды, екінші вице-ару титулын Екатерина Подгородецкая алды, ал үшінші вице-ару - Бибінұр Есімова.

"Астана аруы-2015" Кәмила Темірова тәжді "Астана аруы-2016" атанған Елназ Нұрсейітоваға кигізді.  

Елназ Нұрсейітова Қазақстандық технология және бизнес университетінде дизайнер мамандығы бойынша оқып жатыр. Қыз Алматы облысының Матай ауылының тумасы.


Бірінші вице-ару Бегайым Жорабекова


Екінші вице-ару Екатерина Подгородецкая


Үшінші вице-ару Бибінұр Есімова

Жеңімпаз ақшалай сыйақысының жартысы - 500 мың теңгені балалар үйіне беруге ниетті, ал қалғанын ата-анасына береді екен.

"Астана аруы-2016" Елназ Нұрсейітова

Қазылар алқасының құрамында Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, "Қазақстан аруы" президенті Алена Ривлина-Кырбасова, әнші Әли Оқапов, Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева, "Астана аруы" конкурсының директоры Ольга Родеш, мәслихат депутаты Сергей Солодовников және ҚР мәдениет қайраткері Досжан Табылды.

Қазылар алқасының төрайымы Зағипа Бәлиева

Қатысушылар көрермен алдында төрт мәрте шықты: қатысушыларды таныстыру, ұлттық киімде шығу, актерлік шеберлік, кешке киетін киіммен дефиле.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная