24 қазан 2016 | 09:04

Абайдың 45 қара сөзін жатқа оқитын қыз Павлодардың ең әдемі аруы атанды

Павлодарда ең әдемі ару таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда ең әдемі ару таңдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыстық "Сен Сұлу" сұлулық байқауының жеңімпазы 19 жастағы Сәния Темірханова болды. Ару Павлодар педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиет факультетінің үшінші курсында оқиды, "Павлодар аруы" атағының иегері. 

Реклама
Реклама

"Жеңісіме қатты қуандым. Моделинг бойынша арманымды орындағым келеді, сондай-ақ, қоғамның, оның ішінде Павлодардың проблемасын қаузайтын әлеуметтік жобамды жүзеге асырғым келеді. Оқудан кейін магистратураға түсуді жоспарлап отырмын. Мен оқығым келеді. Жан-жақты адаммын, моделингте те, оқуда да жетістікке жетім келеді. Барлық салада жетістікке жетсем деймін", - дейді Темірханова.  

Ару Абайдың 45 қара сөзін жатқа оқиды. Тәжбен бірге ол республикалық "Miss Kazakhstan 2016" байқауында Павлодардың намысын қорғау құқығын жеңіп алды.


© Tengrinews.kz

"Сен Сұлу" конкурсында бірінші орынды 17 жастағы Айжан Ғазизова иеленді. ал екінші орын 20 жастағы Аида Байтеміроваға бұйырды, үштікті 14 жастағы Лилия Иванова қорытындылады.

Айта кетейік, конкурстың іріктеу кезеңі биылғы қыркүйекте өткен. Кастингке 14-25 жас аралығындағы 70 қыз қатысты. Финалға тек оны өтті. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная