ПОДЕЛИТЬСЯ
12 желтоқсан 2018 | 13:47
Ақтаудың ең әдемі қызы таңдалды
Ақтауда 2018 жылдың ең әдемі қыз таңдалды. Бұл атақты 18 жастағы Динара Сарева жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтауда 2018 жылдың ең әдемі қыз таңдалды. Бұл атақты 18 жастағы Динара Сарева жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ақтау аруы" байқауы бес кезеңнен тұрды. Жалпы би, Ақтаудағы сүйікті мекені туралы әңгіме, "Визитка", ұлттық киімде және кешкі киім үлгісімен шығу. Сонымен қатар қыздар өздерінің таланты паш етті.
Динара Сарыева жеңіске үміттенбегенін айтады.
"Қазылар алқасы шешім шығарды. Қыздардың барлығы тағатсыздана күтті, денем түршігіп кетті. Басында мен Вице ару атанамын деп ойладым. Бірінші орынды басқалары алатын шығармын деп ойладым. Вице ару таңдалған уақытта, көңіл күйім түсіп, барлығы осымен бітті деп ойладым. Сосын қазылар алқасы менің нөмірімді атады. Қуаныштан көз жасымды тоқтата алмадым", - дейді Динара.
Динара Сарыеваның бойы - 179 сантиметр, дене пішімі - 92-72-100. Ол Ақтау тумасы, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжинирг университетінде оқиды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Saryyeva Dinara????????♀️ (@dimeliora_) 19 Апр 2018 в 1:50 PDT
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Saryyeva Dinara????????♀️ (@dimeliora_) 6 Апр 2018 в 12:28 PDT
Динара Сарыеваның әкесі қазақ, ал анасының ұлты - украин.
Показать комментарии
Читайте также