ПОДЕЛИТЬСЯ
11 сәуір 2018 | 09:15
Ақтаулық қыз әлемдік сұлулық байқауында титул жеңіп алды
Ақтау тұрғыны әлемдік Miss Supermodel Worldwide-2018 сұлулық байқауында титул жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 24 жастағы Сандуғаш Әбдірхан жыл сайын Үндістанда көктемде өтетін конкурста Miss Caspian атанды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақтау тұрғыны әлемдік Miss Supermodel Worldwide-2018 сұлулық байқауында титул жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 24 жастағы Сандуғаш Әбдірхан жыл сайын Үндістанда көктемде өтетін конкурста Miss Caspian атанды.
Биыл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 43 супермодель қатысты. Қазақстанның атынан үш ару шыққан, Сандуғашпен қатар Үндістанға Алматыдан тағы екі қыз аттаныпты.
"Конкурс 12 күнге созылды, уақыт зымырап өтті. Әр күні бір жаңалық: фотосессия, конференция, сапарлар, журналистер, дайындық, шоу, қаладан қалаға көшу, шаралар. Күн сайын Үндістан мәдениетімен таныстық. Керемет адамдармен танысып, ерекше жерлерді араладық. Құлағы естімендейтіндердің үйінде болып, тағы басқа шараларға қатыстық. Үндістан жайлы айта берсек уақыт жетпейді", - дейді Сандуғаш Әбдірхан.
Ару халықаралық жарысқа екінші рет қатысып отырғанын айтады. Бірінші конкурсында ол Сербия астанасы Белградта өткен Miss World Car & Motosport-2017 байқауына қатысып, Астананың намысын қорғапты.
"Бұл маған керемет тәжірибе болды. Сұлулық байқаулары елдерді аралаудың мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, өзіңді танытуға жол ашады. Себебі әрқайсымыз ерекшеміз. Сұлулық байқаулары ашыла түсуіңе себеп. Ішкі дүниеңдегі ханшайымды көрсету. Сондай-ақ, әлемнің түкпір-түкпіріндегі керемет адамдармен танысу", - дейді ол.
Сандуғаш Әбдірхан соңғы бес жылда модель саласында жұмыс істеп келе жатыр. Сонымен қатар, ол модельдер мектебінде дефиле мен фотоға түсуден сабақ береді.
"Бұл салаға ойда жоқта келдім. Модель болу үш ұйықтасам да түсіме кірмеген. Мен өзімді әртіспін деп айтатынмын. Осы кезде мені модельдік агенттіктің директоры байқап, модель ретінде жұмыс істеп көруді ұсынды. Студент едім, неге байқап көрмеске деп ойладым. Содан басталды. Кездейсоқтықтар кездейсоқ емес деуші ме еді", - дейді қыз.
Модельдік бизнесмен қатар, Сандуғаш университетте бітіріп шыққан мамандығы бойынша еңбектеніп жүр. Ол - заңгер, қазіргі уақытта Каспий өңіріндегі мұнайгаз саласындағы құрылыс нысандары саласындағы компанияда жұмыс істейді. Сонымен қатар, жеті жыл балетпен және бесс жыл фортепианода ойнаумен айналысыпты. Тау шаңғы спортымен және бимен де айналысқан екен.
Публикация от Sanny Khan (@ss.sanny) 4 Мар 2018 в 4:51 PST
Показать комментарии
Читайте также