"Әлем аруы - 2019" байқауында көрсетілетін Қазақстан туралы видео Желіде жарияланды

Камила Долаева Журналист
Сурет: instagram.com/misskazakhstan_official

Ұлыбританиядағы бүкіләлемдік сұлулық байқауында көрсетілетін Қазақстанның туристік орындары туралы ролик Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлыбританиядағы бүкіләлемдік сұлулық байқауында көрсетілетін Қазақстанның туристік орындары туралы ролик Желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің ең әдемі аруы Мадина Батық 14 желтоқсанда Лондонда өтетін "Әлем аруы - 2019" байқауында осы видеоны көпшілікке паш етеді. Бұл кадрлар үшін түсірілім тобы екі апта жер аралап, 10 мың шақырымнан аса жол жүріп өткен екен.

Видеода Маңғышлақ түбегіндегі Бозжыра шатқалы, Іле Алатауы бөктеріндегі әлемге әйгілі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Шарын шатқалы, Қайыңды көлі, ортағасырлық сәулеттің жауһары - ежелгі Сауран қаласы, Ассы үстіртіндегі биік таулы обсерватория, қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Ақмешіт үңгірінің құпиясы, Каспий және Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан көрсетілген.

Реклама
Реклама

Ролик кейіпкері Мадина Батық қонақтарды Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға шақырады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, түсірілім кейде экстремал жағдайда өткен. Мысалы, салмағы 20 келі көйлекпен Мадина Бутаков шатқалында атқа отырып, тауға тік беткеймен көтерілуге тура келген және мұндай жағдайлар бірнеше рет болыпты. 

Қазіргі таңда қазақстандық қыз байқауға дайындыған аяқтап жатыр. 19 қарашада Мадина Лондонға ұшады, онда әлемнің ең сұлу қыздары байқау алдындағы қайырымдылық және әлеуметтік акцияларға қатысады.

Еске салайық, Мадина Батық "Қазақстан аруы" атағын 2019 жылы мамырда ұлттық сұлулық байқауында жеңіп алған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама