ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2018 | 11:25
"Әлем ханымы - 2018" байқауының жеңімпазы сәттілік құпиясын бөлісті
Семейлік 36 жастағы Лейла Құлжанова World Beauty 2018 байқауының "Әлем аруы" атағын жеңіп алды. Байқауға әлемнің 20 елінен ханымдар қатысты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Семейлік 36 жастағы Лейла Құлжанова World Beauty 2018 байқауының "Әлем аруы" атағын жеңіп алды. Байқауға әлемнің 20 елінен ханымдар қатысты.
Лейла Құлжанова - Halyk тобына кіретін "Халык-Life" АҚ филиалының директоры. Қазақстан Іскер әйелдер ассоциациясының және "Нұр Отан" партиясының мүшесі, қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласады, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.
Екі жоғарғы білімі бар - заңгер және қаржы маманы. Кандидаттық диссертация қорғаған. Алты жасар Мансұр мен 16 жастағы Темірлан есімді ұлдарын тәрбиелеп отыр. Таяуда өткен байқауда Мансұр "Мини Мистер Азия" атағын жеңіп алды, ал Темірлан болса, "Супер-модель World Beauty 2018".
"Менің барлық жетістігімнің басында ата-анам тұрады. Жолдасым мен туған інім Бауыржан Құлжанов моральдық қолдау білдіріп отырады", - дейді ол.
Алматыда өткен Fashion House International байқауында Лейла бірден үш атақты жеңіп алды. "Қазақстан аруы", "Азия ханымы" және Fashion House International Kazakhstan 2018 форумының бас тәжін иеленді. Сонымен қатар, ол дизайн ретінде Best Experimenter Designer 2018 номинациясын иеленді.
"Байқауға еңбек демалысымды алғаннан кейін қатыстым. Біреулер демалуға кетіп жатады, мен болсам жақсыны пайдалымен сабақтастырдым, - дейді Лейла. - Байқау Мәскеуде өтті. 100-ден аса үміткер болды. Gold санатында мен "Әлем ханымы - 2018" атағын жеңіп алдым.
"Сәттіліктің басты құпиясы - алдыңа мақсат қоя біліп, соған жету және өз балаларың мен жақындарыңа үлгі болу", - деп түйіндеді Лейла.
Показать комментарии
Читайте также