Әлия Мергенбаева "Әлем аруы-2016" конкурсынан шығып қалды

Әлия Мергенбаева "Әлем аруы-2016" конкурсынан шығып қалды Әлия Мергенбаева © Mareta Keligova

?аза?станды? ?лия Мергенбаева "?лем аруы-2016" конкурсынан шы?ып ?алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы "?аза?стан аруы-2015" бай?ауыны? же?імпазы ?зіні? Instagram пара?шасында жазды.

Қазақстандық Әлия Мергенбаева "Әлем аруы-2016" конкурсынан шығып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Қазақстан аруы-2015" байқауының жеңімпазы өзінің Instagram парақшасында жазды.

Өзінің парақшасына жазылушыларға ол "Әлем аруы" конкурсының кезеңдері қалай өтіп жатқанын жазып, болып жатқан шаралар өзіне ұнағанын атап өтті. Оқырмандардың кезеңнен өте алдыңыз ба деген сұрағына, Әлия жоқ деп жауап қатты. "Өкінішке қарай, мен өте алмадым", - деп жазыпты Мергенбаева.

Жарнама
Жарнама

Әлия Мергенбаева (оң жақта) конкурсқа қатысушылармен бірге. Сурет "ВКонтакте" желісінен.

"Әлем аруы-2016" конкурсының финалы 18 желтоқсанда өтеді. 25 қарашада өз елінің сұлулары атанған қыздар АҚШ астанасы Вашингтонда жиналды. Ол жерде арулар конкурсқа барынша дайындалып, қайырымдылық шаралары мен фотосессияларға, спорттық және әлеуметтік шараларға қатысып жүр. Биыл жеңімпазға "Әлем аруының" тәжін испаниялық Мирея Лалагуна кигізетін болады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама