"Атырау аруы-2015" қайтыс болды

"Атырау аруы-2015" титулының иегері Гауһар Қасаева бүгін, 19 маусымда қатерлі дерттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атырау аруы-2015" титулының иегері Гауһар Қасаева бүгін, 19 маусымда қатерлі дерттен қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Гауһар бүгін таңғы 9-да қайтыс болды", - деп хабарлады қыздың туыстары.

Реклама
Реклама

Өткен жылдың қазанында қыздың ауыр дертке шалдыққаны хабарланған. Ару Instagram арқылы қазақстандықтардан көмек сұраған болатын. 

"Мен әрдайым мықты болып, ешкімнен көмек сұрамағанмын. Мектеп жасымнан еңбек етіп, отбасыма көмектесуге тырыстым. Университетте оқып жүріп жұмыс істегенмін, сөйтіп оқуымның ақысын төледім. Ұзақ, сау әрі бақытты өмір сүргім келеді", - деп жазған еді Гауһар Қасаева.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама