02 шілде 2019 10:34

Болашақ дәрігер әлеуметтік желінің ең сұлу аруы атанды

Ақтөбе облысында алғаш рет ұйымдастырылған "Мисс Виртуал Ақтөбе-2019" атты сұлулық байқауы қорытындыланды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында алғаш рет ұйымдастырылған "Мисс Виртуал Ақтөбе-2019" атты сұлулық байқауы қорытындыланды, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық бөлімі 18-25 жастағы қыздар арасында сұлулық байқауын өткізді. Шара KeruenCity орталығында салтанатты түрде қорытындыланды.

Реклама
Реклама

"Шара үш кезеңнен тұрды. Қатысушы өзінің суретін жібереді, фотосессияға қатысу және суреттерді әлеуметтік желіге жүктеу. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы анықталды. Мыңға жуық лайк жинаған Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина унверситетінің студенті Жәкеш Нағима бас жүлдеге ие болды. Байқаудың мақсаты - сұлулықты, жастардың арасында гуманистік әлемдік көзқарасты қалыптастыру, эстетикалық талғамға үйрету", - дейді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Альфия Мусаева.

Байқаудың финалдық бәсекесінде 9 қыз бақ сынады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram