"Дүниежүзі аруы-2015" атағын филиппин қызы жеңіп алды

Пиа Алонсо Вуртцбах

"Дүниежүзі аруы-2015" атағын 26 жастағы филиппин қызы Пиа Алонсо Вуртцбах жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Айта кетейік, марапаттау кезінде аздаған қателіктер жіберілді. Жүргізуші алғашында жеңімпаз колумбиялық Ариадна Гутьеррес болды деп хабарлады. Оған тәж кигізілгеннен кейін жүргізуші кешірім сұрап, өзіне берілген конверттегі есімді дұрыс оқымағанын жеткізді. Жаңа "Дүниежүзі аруына" тәжді былтырғы жеңімпаз Паулина Вега тапсырды.

Реклама
Реклама

Тәжге 80 қыз таласты. Қазақстанның атынан байқауға астаналық Әйгерім Смағұлова қатысуы керек болған. Дегенмен ол отбасындағы жағдайларға байланысты конкурсқа бара алмады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама