ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2019 | 10:24
"Қазақ аруы - 2019" байқауында павлодарлық қыз жеңіске жетті
Астанада "Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада "Қазақ аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап.
Финал 19 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. "Қазақ аруы" атану үшін еліміздің түрлі облысынан 18 қыз бақ сынасты. Бұл жобаға қатысу үшін қыздардың көрікті, шашы ұзын болуы ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрлерін білуі қажет. Негізгі талаптардың бірі - мемлекеттік тілді еркін меңгеру.
Биыл байқауға Павлодар облысының атынан шыққан Сәния Темірханова жеңімпаз атанды. Айта кетейік, былтыр ол республикалық сұлулық байқауында Павлодар қаласының намысын қорғаған болатын. Бірінші орынды Қарағанды облысынан қатысқан Айханым Орынбекова еншіледі, ал екінші орынды астаналық Анна Вайдурова алды. Үшінші орын Павлодар облысының тағы бір қатысушысы Сая Тұрсынбековаға бұйырды.
Сәния Темірханова, Павлодар облысы
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қазақ аруы 2019» байқауының ЖЕҢІМПАЗЫ - Павлодар облысының намысын қорғаған Сәния ТЕМІРХАНОВА. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!???????????????????????? ____________ Байқаудың теленұсқасын 23 наурыз күні сағат 22:00-де «Хабар» арнасынан көре аласыздар! #Хабар #қазақаруы #қазақаруы2019
Публикация от «Хабар» телеарнасы (@khabartv) 19 Мар 2019 в 9:44 PDT
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақ аруы - 2019 Темерханова Сания – Павлодар облысы Foto by @valeryfranc Mua and Hair by @sandi_beksirga Look by @lenazh_com Designer @estro_atelier Location @royaltulipalmaty
Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy) 13 Мар 2019 в 6:32 PDT
Байқаудың бағдарламасы үш кезеңнен тұрды - шығармашылық, зияткерлік және қазақстандық дизайнерлердің киімімен жүріп өту.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Айкүміс Қанат пен Сәния Темірханова Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша жарысты. Екінші кезеңде қыздар белгілі қазақстандық дизайнерлердің көйлегімен жүріп өтті. Финалда жүргізушілер әр қатысушыға қазақ тарихы, ұлттық салт-дәстүрлер бойынша сұрақтар қойды. Қыздар алаңдап тұрғанымен, мүдірмей жауап бере алды.
Қазылар алқасында қазақстандық шоу-бизнес өкілдері Ерік Жолжақсынов, Баян Алагөзова, Қарақат Әбілдина, Динара Сәтжан, Айгүл Мүкей, Бірғаным Әйтімова отырды.
"Қазақ аруы - 2019" байқауына қатысатын 18 қыздың суреті жарияланды
"Қазақ аруы - 2018" атағын ақтаулық Набира Рахымжан алған еді.
Түрлі уақытта байқаудың жеңімпазы жүлдесін Нұргүл Асанова, Альмира Ахатова, Кәмшат Қоскелова, Гүлназ Жоланова, Айгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергенова еншілеген болатын.
Байқаудың продюсері әрі ұйымдастырушысы - Баян Алагөзова.
Показать комментарии
Читайте также