ПОДЕЛИТЬСЯ
27 наурыз 2017 | 12:18
Қазақстандық дизайнер Канадада өткен сән апталығында жаңа топтамасын таныстырды
Ванкуверде 20-26 наурыз аралығында өткен сән апталығында (Vancouver Fashion Week) қазақстандық AYA BAPANI брендінің "Царицы Центральной Азии" атты жаңа топтамасы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Ванкувердегі сән апталығына әлемнің 100-ден аса дизайнері қатысты. Олардың ішінде Аустралия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Қытай, Корея, АҚШ, Франция, Жапония, сондай-ақ, Латын Америка өкілдері бар.
Сонымен қатар, қазақстандық дизайнер сән апталығының аясында Канаданың бірнеше телеарнасына сұхбат берді. Ол тілшілерге мұндай киім үлгілерін қалай тігетінін және жаңа топтамаларды шығаруға қалай шабыттанатынын айтып берді.
Айта кетейік, Ванкуверде сән апталығы 2001 жылдан бері өткізіліп келе жатыр.
Ұйымдастырушылар жолдаған суреттер.
Показать комментарии
Читайте также