ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қыркүйек 2017 | 17:42
Қазақстандық дизайнердің көйлегі Dress of the World конкурсында бас жүлде иеленді
Отандық дизайнер-сәнгер Малика Дүйсенбаева "Қазақстанның жыл көйлегі - 2016" Ұлттық конкурсының жеңімпазы Сербияда Dress of the World әлемдік финалында бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Дүниежүзілік сән конгресінің" Қазақстандағы өкілі София Рузиева хабарлады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Отандық дизайнер-сәнгер Малика Дүйсенбаева "Қазақстанның жыл көйлегі - 2016" Ұлттық конкурсының жеңімпазы Сербияда Dress of the World әлемдік финалында бас жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Дүниежүзілік сән конгресінің" Қазақстандағы өкілі София Рузиева хабарлады.
Байқау 8 қыркүйекте Сербияның Белград қаласында өтті.
"Жеңімпаз болғанымызға әлі де сене алар емеспін. Бұл байқауға аса ыждаһатпен дайындалдым. Мұнда екі көйлек әкелдім, Тұмар көйлегі - Қазақстандағы байқаудың жеңімпазы және Айша Бибі жаңа көйлегі. Бұл аңыз жайлы барлық қазақстандық біледі, жас, пәк, еліктіретін қыз", - деді дизайнер Малика Дүйсенбаева.
Дүйсенбаеваның айтуынша, байқауға модельдер Македония мен Монтенегродан таңдалыпты.
"Бұл конкурста модель қыздарды таңдау да өте маңызды фактор. Дене сымбатына қарай ғана емес, сырт келбетіне, оның образ мінезін жеткізе алатындай таңдадық. Модельдерді Македония мен Монтенегродан таңдадық. Байқау қарсаңында қыздар мәнін түсінсін деп, көйлек атауларына байланысты оқиғалар мен аңыздарды әңгімелеп бердім. Олар рольді жақсы сезінді деп ойлаймын. Біздің көйлектер шыға бастағанда қошеметтен құлақ тұнды, көрермендер мен қазылар алқасы камераға түсіріп жатты. Сол кездің өзінде үздік үштікке енетінімізді сездім", - деп еске алды сәнгер.
"Басқа дизайнерлерден де өте әдемі образдар болды, әсіресе Израильден келген сәнгердің көйлегі ұнап қалды, сол жеңеді екен деп ойладым. Жеңімпазды жариялап жатқан кезде, Израиль екінші орын алғанда буындарым босап, дірілдеп кеттім, көзіме жас келді, бұл жеңісті сезінген сәт еді. Біздің атымызды атағанда өң-түсімді ұқпай, жүлдені алуға шықтым. Бұл менің жеңісім емес, бұл менің анамның және елімнің жеңісі! Анам мені Әлемдік дизайнер қылған ұлы әйел екенін айтты", - деп бөлісті қуанышын Дүйсенбаева.
© Facebook.com/Раушан Базарбай.
Показать комментарии
Читайте также