26 қазан 2016 16:46

Қазақстандық модель Miss Universe Globe/Europe-2016 сұлулық байқауына қатысты

Суреттерді Vero Modelz агенттігі ұсынды

Атыраулық модель Түркияның Бодрум қаласында өткен Miss Universe Globe/Europe-2016 & Photomodel of the Universe/Globe-2016 әлемдік сұлулық байқауына қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық модель Түркияның Бодрум қаласында өткен Miss Universe Globe/Europe-2016 & Photomodel of the Universe/Globe-2016 әлемдік сұлулық байқауына қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Vero Modelz" агенттігінің Диана Ізбаева атты сұлуы Қазақстан атынан шықты. Байқау 24 қыркүйекте басталып, екі апта жалғасқан болатын. Бұл конкурсқа әлемнің 41 елінің өкілдері қатысты.

Реклама
Реклама

Ақтық сайыста қазақстандық модель Miss Talents of Universe Globe/Europe 2016 атағына ие болған. Сонымен бірге атыраулық ару белгілі мейрамхананың жарнамалық билбордында пайда болып, оның бейнесі Бодрум көшелерінде орналастырылды.

Мұның алдында Диана Ізбаева "Атырау аруы 2016" аймақтық сұлулық байқауының финалына шыққан он қыздың қатарынан көрінген.

Miss Universe Globe/Europe-2016 & Photomodel of the Universe/Globe-2016 әлемдік сұлулық конкурсы 25 жыл ішінде Ресей, Армения, Ирак, Болгария, Түркия мен Испания сияқты елдерде өткізілген болатын.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram