28 қараша 2016 | 11:24

Қазақстандық модель Сеулде өткен World Beauty Queen байқауында 2-орын алды

Зарина Тотаева

Қазақстандық модель Зарина Тотаева Сеулде 16-25 қараша аралығында өткен World Beauty Queen халықарылық сұлулық байқауында "I вице-ару" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, Зарина Тотаева "Бикини аруларының" үздік бестігіне кірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық модель Зарина Тотаева Сеулде 16-25 қараша аралығында өткен World Beauty Queen халықарылық сұлулық байқауында "I вице-ару" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ, Зарина Тотаева "Бикини аруларының" үздік бестігіне кірді.

Реклама
Реклама

Қазақстандық модель байқауға дайындық барысында басқа да қатысушылармен достасып кеткенін айтты. Айта кетейік, байқаудың финалы бірнеше кезеңнен тұрады: модельдер ұлттық киімде, шомылу киімімен және кешкі көйлектерде өнер көрсетуі керек.

"Финал болатын күні қатты қобалжыдым. Бірақ мен осымен сұлулық байқауына бесінші рет қатысып отырмын. Барлығы жақсы өткенін қалаймын. Себебі, біріншіден, бұл Қазақстанның абыройы ғой. Жалпы, "I вице-ару" атанғаныма қуаныштымын. Өз елімді таныстыру - мен үшін үлкен құрмет. Сахнада Болгария қатысушысы екеуміз ғана қалғанда, қатты алаңдадым. Мен оның жеңіске жеткеніне қуандым. Себебі, ол жеңімпаз атануға лайық қыз ғой", - деді Зарина.

"Бұл менің мансап жолымда өсуге және халықаралық сахнаға шығуға үлкен мүмкіндік берді. Мен өз елімді сүйемін және оны әрі қарай әлемдік деңгейде танытуды қалаймын. Байқаудың ұйымдастырушылары Джун Хун-Джунға, сондай-ақ маған осы байқауда қолдау көрсеткен және оған қатысуға ықпал еткен Эльмира Сейдазимоваға рақмет айтамын", - деді қазақстандық модель.

Сондай-ақ, Зарина Тотаева осы аптада Нью-Йоркте өткен Kazakhstan Fashion Week 2016 сән апталығының қорытындысы бойынша "Үздік модель" атанды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная