15 сәуір 2017 19:40

Қазақстандық модель Таиландта өткен сұлулық байқауында жеңіске жетті

Бангкокта Miss Amazing Songkran International-2017 сұлулық байқауы өтіп, байқауда қазақстандық Анна Кравченко жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бангкокта Miss Amazing Songkran International-2017 сұлулық байқауы өтіп, байқауда қазақстандық Анна Кравченко жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байқау 13 сәуірде өткен болатын. Онда Ресейден, Украинадан, Польшадан, Эстониядан, Франциядан, Болгариядан және Қазақстаннан келген модельлер қатысты. Ал қазақстандық Анна Кравченко байқаудың жеңімпазы атанды.

Реклама
Реклама

Анне Кравченко Алматы қаласының тумасы, жасы 25-те. Азиядағы (Таиланд, Қытай, Сингапур, Малайзия, Корея, Жапония) модельдік бизнесте алты жыл уақыт жұмыс істейді. Қазақстандық арудың досы Виктор Бородиннің айтуынша, Анна Таиландтағы бірнеше брендтерд таныстырып, тай дизайнерлерінің түсірілімдеріне қатысады, сондай-ақ, ол телевизиялық жарнамаларға түседі екен. Сонымен қатар, Анне Кравченко голливудтық фильмге түсіп көрген.

"Мисс Сонгкран 2017 байқауына ол кездейсоқ қатысты - құрбысымен бірге келген болатын. Ол жеңіске жетемін деп ойламаған да еді, тек осы байқауға қатысып көргісі келді. (...) Мен оның финалға шыққан үздік үштіктің қатарында екенін естіген сәтінде қалай таңғалғанын көрдім. Ал жеңімпаздың есімін аталғанда эмоциямызды ұстай алмадық", -  деп еске алды Виктор Бородин.

Айта кетейік, байқаудың финалистері демеушілерден сыйлықтар алды, сондай-ақ, оларға ақшалай сыйақы берілді. Ал Анна Мисс Сонгкран тәжін алды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram