ПОДЕЛИТЬСЯ
22 желтоқсан 2016 | 09:48
Қазнетте дауға айналған фотосессияны жасаған поляк фотографы: Қыздарыңыз әдемі екен, әлемге паш ету үшін тағы келемін
Таяуда "ню" мәнерінде суретке түсіруге маманданған поляк фотографы Ян Маклайн Алматыға келіп, фотосессия жасаған болатын. Осыдан кейін Қазнетте дау шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл өнердің "Қазақстан халқын масқаралайтынын" айтып, сынаған еді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таяуда "ню" мәнерінде суретке түсіруге маманданған поляк фотографы Ян Маклайн Алматыға келіп, фотосессия жасаған болатын. Осыдан кейін Қазнетте дау шықты. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл өнердің "Қазақстан халқын масқаралайтынын" айтып, сынаған еді.
Ал фотографтың өзі Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында туындыларына қатысты айтылған сынмен келіспейтінін жеткізді. Янның айтуынша, Интернеттегілер екі оқиғаны шатастырып алған, олардың бірі "Қазақстан арулары-2017" күнтізбесінің түсірілімдері екен де, екіншісі Алматыда фотографтарға арналған шеберлік дәрісі екен.
Ірі форматтағы күнтізбеге қазақстандық 13 қыз қатысты. Олардың көбі танымал. Кейбір мәлімет бойынша, актрисалар Гүлнара Сілбаева, Жания Журинская, Гүлназ Жоланова, Бибігүл Сүйіншалиева және тағы да басқалар түскен.
Күнтізбеде жалаңаш қыздар жоқ. "Жобаның мақсаты - Қазақстан қыздарын асыл қазына етіп көрсету", - дейді Маклайн.
© Ян Маклайн
© instagram.com
Ал шеберлік дәрісіне қатысты фотограф жалаңаш модельдерді түсіргенін айтады. "Түсірілім жұмыстарына портфолиосында осындай мәнерде түскен суреттері және осы мәнерде түсу тәжірибесі бар модельдерді ғана шақырамын, - дейді Ян. - Жалаңаш дене мыңдаған жылдан бері өнерде қолданылып келеді, мұнда ұят дүние көре алмай отырмын. Фотографияда "ню" деген жанр бар, модельдер бар, оларға өз кәсіптері ұнайды".
"Қазақстан көпұлтты ел, халқының өнерге, фотографияға, өмірге деген көзқарастары да әртүрлі. Барлығын бірдей қылудың қажеті жоқ. Өнеріме жоғары баға беретін қазақтар да көп, олардың көбі "ню" мәнеріндегі фотографиямен айналысады. Қазнетте дау шыққан кезде қазақстандықтардан көптеген хат келді. Жүздеген адам қолдау көрсетті. Екі адам ғана жағымсыз пікір жазыпты. Қазақстан - тамаша ел, қыздарыңыз өте әдемі, осы сұлулықты әлемге көрсету үшін тағы да келемін", - дейді фотограф.
Показать комментарии
Читайте также