Көкшетауда бұрымды қыздардың байқауы өтті
Көкшетауда шашы ең ұзын және күтім жасалған шаштар конкурсы өтті. Бұл сайыста Анель Қадырова атты оқушы қыз жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көкшетауда шашы ең ұзын және күтім жасалған шаштар конкурсы өтті. Бұл сайыста Анель Қадырова атты оқушы қыз жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Байқауға бұрымды сегіз қыз қатысты. Олардың барлығы студент немесе жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары. Конкурс үш кезеңнен тұрды - өзін таныстыру, шығармашылық өнер мен дефиле. Оқушы қыз Анель Қадырова кеш жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орынды Жәмиля Қажымұратова мен Гүлназ Бөкеш атты арулар иемденді. Жиналғандарды Сергей Есениннің "Черный человек" поэмасын жатқа оқыған Айгүл Хәкімжанова бір таңдандырды.
Байқау жеңімпазы Анель Қадырова сайыстан кейін әдемі шашының сырын бөлісті. "Мен шашымды тоғыз жылдан бері өсіріп келемін. Үнемі қиып тастағым келетін, әрдайым әжем тоқтатып қалады. Оның да жас кезінде шашы өте ұзын болған екен, қиып тастаған соң өкініпті. Бұрым өсірудің еш сыры жоқ, бастысы - басыңыз су күйде жатып қалмау керек, бұл шаштың өсуіне кері әсер етеді", - дейді көкшетаулық "Рапунцель".
"Ең ұзын әрі жақсы күтілген бұрым" номинациясын Әсем Дулатова жеңіп алды. Әсем де шаш өсірудің ерекше әдісі жоқ екенін айтады және ол кәдімгі сусабынды пайдаланады.
Әсем Дулатова
Байқаудың жеңімпазы Аннель Қадырова
Мұның алдында бірнеше қалада бірнеше сұлулық байқауы өткен. Осылайша, астрахандық модель Владлена Бесчастнова "Каспий ханшайымы-2016" атанды. 18 жастағы Қымбат Бертай "Тараз аруы" болды. Ал Шымкентте қала күні Тоғжан Бекжігіт шаһар аруы атағына ие болды.