ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қараша 2016 | 08:48
Қостанай мен Өскеменде ең сұлу қыздар таңдалды
17 жастағы Кристина Шлиммер "Қостанай аруы-2016 атанды". "Наша газета" басылымының мәліметінше, құрылыс колледжінің екінші курс студенті суретші болуды армандайды екен.
ПОДЕЛИТЬСЯ
17 жастағы Кристина Шлиммер "Қостанай аруы-2016 атанды". "Наша газета" басылымының мәліметінше, құрылыс колледжінің екінші курс студенті суретші болуды армандайды екен.
Конкурс 13 қарашада кешке аяқталды. Ақтық сынға 200-ге жуық адам көрермен болды. Басылымның мәліметінше, бұл жылы қатысушылар саны әдеттегіден артық болыпты. 20 қыз Қостанайдың ең әдемі қызы атану үшін бақ сынады. Үшінші орын 19 жастағы Айжан Мнашеваға бұйырса, вице-ару титулы Асель Айназаровада.
© ng.kz
"Қостанай аруы" енді облыстың атынан "Қазақстан аруы" республикалық конкурсына қатысады.
Ал осы күні Өскеменнің де ең сұлу қызы таңдалды. YK-news.kz басылымының мәліметінше, 19 жастағы Анастасия Усольцева "Өскемен аруы-2016" атаныпты. Сұлулық байқауы 13 қарашада кешкі уақытта Металлургтердің мәдениет үйінде өтті.
Усольцева енді биыл желтоқсан айында өтетін "Қазақстан аруы-2016" республикалық байқауында облыс орталығының атынан өнер көрсетеді.
Қаланың ең әдемі қызы атағына 12 қатысушы таласты. Шара қатысушылардың өздері дайындаған көйлегімен дефилеге шығуымен басталды. Бұл кезеңнің басты ерекшелігі - киімнің матадан тігілмеуі. Қатысушылар картон, полиэтилен, қағаздан жасалған киімдермен шықты.
© yk-news.kz
Басылымның мәліметінше, конкурстың соңғы кезеңінде қатысушылар қазақтың ұлттық киімімен шыққан. Шара кешкі көйлекпен дефилеге шығумен аяқталыпты.
Бірінші "вице-ару" атағы Мамытханова Ай-Данаға бұйырса, екінші "вице-ару" Рамазанова Жаннұр болды.
Мамытханова Ай-Дана
Рамазанова Жаннұр
Басылымның мәліметінше, әр қатысушы бағалы сыйлықтар алған, сондай-ақ сән салондарына сертификаттарға ие болған.
Показать комментарии
Читайте также